Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Айша бибі ауылында тұрғындардың өтініші бойынша салынып жатқан 300 орынды жаңа мектептің құрылыс жұмыстарын көрді.
Мектептің құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд 436 млн 139 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде іргесі қаланып, қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылған білім ордасының терезелері орнытылып, ішкі және сыртқы жұмыстарына екпін берілген. Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы құрылыс сапасын бақылауда ұстап, зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігін сала басшыларына тапсырды.