Енді Антикорды Олжас Бектенов басқарады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына Олжас Бектенов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. «Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын», — делінген құжат мәтінінде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының өкімімен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылып, Ішкі істер министрі болып тағайындалған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.