Бүгінде өңірде өкпеден қысқан індетке қарсы екпе егу шаралары өз жалғасын табуда. Бастысы тұрғындар, ата-аналар мен жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.
Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, өңірге «Pfizer» екпесінің 17790 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 7672 дозасы, екінші компонентінің 4162 дозасы егілген.
Ал бала емізетін аналардың 1170-сі бірінші компонентті, 781 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің 418-і бірінші компонентті, 290-ы екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан 216 ана өткен.
Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 571-і «Pfizer» вакцинасын ектірген.
Халықаралық сарапшылардың пікірінше, екпе — індеттен құтылудың жалғыз тәсілі.
Ал, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында «Pfizer» екпесінен бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда.
Аурухананың иммунолог дәрігері Жадраш Тотаеваның айтуынша, қазіргі таңда бірінші компонентті 39386 адам, екінші компонентті 37489 азамат қабылдаса, ревакцинадан 15596 адам өткен.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі