Қанат Ислам кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліске ұшырады

Қазақ елінің мақтанышы Қанат Ислам бүгін, 26 ақпанда (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізді.

Бұл айқас АҚШ-тың Плант-Ситидегі бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшының қарсыласы британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді.

Айта кетейік, бұл Қанаттың карьерасындағы алғашқы жеңілісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.