ЕМХАНАДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Бүгін орталық емханада алғыс айту күні аясында «Денсаулық зор байлық» атты емханаға тіркелген тұрғындар үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Акцияға қатысқандар кешенді медициналық тексеруден өтті. Соның ішінде терапевт, жалпы тәжірибе дәрігері, гинеколог және салалық мамандардың қабылдауында болды.

150 азаматқа көмек көрсеткен дәрігерлер тек кеңес беріп қана қоймай, олардың денсаулықтарын тексеріп, сырқаудың нақты анықтамалары тұралы қажетті ақпарат берді.Аталмыш іс-шарада емхананың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары қатысушылардың сұрақтарына пайдалы ақпараттарды бөлісе отырып жауап берді. Сондай-ақ тұрғындарға айтулы мерекеге орай сый-сияпаттар үлестірілді.

Барлық медициналық көмек тегін көрсетілгендігін атап өту керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.