Жалындаған жамбыл жастары жарады

Аудан жастары ел дегенде елеңдеп, қолынан келер іс болса бірігіп, бір-бірін қоштап, білек сыбанып кірісе кетуге дайын тұрады. Ізгі ниетпен жасалған жұмыстың үлкен-кішісі болмайды.

Бірақ олардың осы кезге дейін атқарған еңбегі елеулі. Соның бір парасына тоқталсақ, «Алғыс айту күніне» орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымы «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері мен ерікті жастардың атсалысуымен бірнеше акция өткізді.

Олардың орталық емхана қызметкерлері мен Аса ауылдық учаскелік инспекторларын мерекемен құттықтап, көңілге қуаныш сыйлайтын жүрекжарды жыр шумақтары төгілген лебіздері, гүл шоқтары мен сыйлақтары қуаныш шуағын шашып тұрған іспеттес.

Иә, ауданда жастар саясатын жүзеге асыруда көп еңбектерін көрсетіп, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алып, ел тізгінін ұстар көшбасшы азаматтар болуы үшін өз үлестерін қосып жүрген жастар ресурстық орталығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.