Тоғызтарау ауылдық клубында өткен есептік кездесуге келушілер қатары көп болды. Қарасы қалың нөпірдің айтар тілегі де аз емес. Тоғызтараулық Айтмұханбет Тұтқышбаев «Сұлтан» каналы бойындағы көпірдің қирауына байланысты жаңа көпірдің құрылысын жүргізуді, Рахман Төлеков Т.Рысқұлов көшесіне шағал тас төсеу керектігін, Сабитхан Қожанов, Алпысбай Жұмабеков ауылдың мәдениетін көтеру үшін клуб қажеттігін, сондай-ақ егістік жерді ылғалдандыруға Аса өзенінінң бойынан су қағар орнатуды сұрады.
Тұрғындар тілегін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы су қағар орнату мен көпір салу назарға алынғанын, бұдан бөлек айтылған ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асыралатынын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кендебай Оңғарбаев аудан мен ауыл әкімінің есебіне қанағаттандырарлық деген бағасын беріп; жұмыстарына сәттілік тіледі.