Өрнекте 1 көше асфальттанып, 5 камера орнатылады

Өрнек ауылдық клубында өткен есептік жиында аудан басшысы округте бірқатар жұмыс тиянақталып келе жатқанын жеткізді. Мәселен, Әшімұлы, Мұқанов, Әбілдәұлы, Саухатов көшелері асфальттанғанын, ауылдық Мәдениет үйінің құрылысы осы айда пайдалануға берілетінін айтты.

Өрнектік тұрғын Болсынбек Сариев 2005 жылы пайдалануға берілген ауыз су жүйесінің тозығы жеткенін, Тастемір Бижігітов жөндеуден өтіп жатқан каналардың құрылысы баяу екенін алға тартты.

Келесі кезекте сөз алған Мадахмет Сариев ел батырлары: Ә.Молдағұлова, М.Мамбетова көшелері мен қиылыстары асфальттанса деген тілегіне жауап сұрады. Өңір басшысы аталған көшелерге жобалық-сметалық құжаттары әзірленгенін, бюджеттік нақытылауда тағы бір қарайтынына сендірді. Сондай-ақ өңір басшысы Тамдыбек Арызбаевтың спорт кешені қажеттігі туралы өтінішін айтқызбай түсініп, бүгінде әмбебап залы бар спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттары ұсынылғанын, алдағы уақытта жақсы жаңалық орын алатынын айтты.

Сондай-ақ ауыл имамы Оңласын Атыхаев Жұма стансасындағы 3 шақырымды құрайтын Көктебе көшені тозығы жеткенін, Өрнек және Жұма стансасына бейнебақылау камералары қажеттігін түсіндірді.

– Ауыл ақсақалдарының ауыл-аймақтың жайын күйттеп, шешілу жолдарына араласуы қуантады. Өзіңіз айтқан Көктебе көшесі және Жұма мен Өрнек ауылдарына бейнебақылау камераларын орнатуға уәде беремін, – деді Ерлан Қыдыралыұлы.
Ауыл азаматтары өңір басшысының жұмысына береке тілеп, қанағаттандырарлық бағасын берді.

Есептік жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов және тиісті бөлім басшылары қатысып отырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.