Құрылысы аяқталып пйдалануға берілген ғимараттар өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес болуы тиіс.
Өрт қауіпсіздігі нормаларына ғимараттың отқа төзімділігі, олардың ара қашықтықтары, сыртқы және ішкі өртке қарсы су жүйелері, өрт ошағын алдын ала анықтайтын өрт сигнализациясы мен өртті өз бетінше сөндіретін автоматты өрт сөндіру қондырғысы, ғимараттың қосымша адамдарды көшіру есіктері жатады.
Соның ішінде аса маңыздысы өрт автоматикасы. Нысан иелері өрт сигнализациясын орнатуға, көп жағдайда немқұрайды қарайды. Мысалы, өрт автоматикасы орнатылған нысандардың көпшілігі Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің жоспарлы тексерісінен кейін ғана орнатылды. Соның ішінде нысанға өрт сигнализациясын орнатуға, сотқа жіберілген талап арыз және соттың шешімі негіз болды.
Өрт автоматикасы қондырғысын орнатуға көп қаржы жұмсалатыны айтпаса да түсінікті. Алайда, осы орнатылған қондырғылар уақытылы жөндеу және тексеру жұмыстарын көрмегендіктен кейбір жағдайларда істен шығып жатады. Жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын нысандардың өз мамандары болмаған жағдайда нысан иелерімен келісім-шарт жасасқан арнайы ұйымдар жүргізеді.
Жөндеу және техникалық қызмет көрсетілмегендіктен істен шыққан өрт сигнализациясы нысанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды және істен шыққан қондырғы жұмсалған қаржының босқа шығындалғанын көрсетеді.
Өрт сигнализациясы мен автоматты өрт сөндіру қондырғысы жасалған жоба негізінде орнатылатындықтан нысан иелері өрт автоматикасын орнатуда жобалау ұйымдарына жоба жасауға тапсырыс беруді естен шығармауы тиіс.
Өрт сигнализациясы орын алған өрт ошағын дер кезінде анықтап, зор шығынға жеткізбей, өртті басталған мезетте сөндіруге көп көмек көрсететінің, сонымен қатар ғимараттағы адамдарды уақытысында сыртқа шығарып, олардың өмірлерін сақтап қалатындығын естен шығармайық!
Диас Ақсақалов, Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.