Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен Тараз қаласынан жолға шыққан Рухани керуен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды жаңғырту, облыс жұртшылығы арасындағы мәдени және рухани байланысты күшейту мақсатында Байзақ ауданы Түймекент ауылына келіп тоқтады.
Байзақтықтар өздерінің қонақжайлықтарын көрсетіп ән шашу арнап, би билеп, келіндер иіліп сәлем салып қарсы алды. Керуен қонақтары Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовқа бас иіп тағзым жасады. Одан кейін Түймекент ауылдық саз мектебінің бастауымен өнерлері көрсетілді.