Қыдыралыұлы сауда орталықтарындағы азық-түлік бағаларын зерделеді
Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы аудан орталығы — Аса ауылындағы сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендері аралап, 19 түрлі тауарлардың бағасына назар аударды.
Аудан әкімдігі өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев азық-түлік бағасына бақылау жүргізілгенін және шекті бағалардың тізімін назарға ұсынды.
Өз кезегінде өңір басшысы халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдеріне бақылау ұдайы жүргізілуін қадағалау қажеттін алға тартып, сауда орталық иелеріне аталған бөлім тарапынан ұсынылатын жеңілдіктерді тиімді пайдалануға кірісу қажеттігін жеткізді.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі