Әлеуметтік нысандар араланып, тапсырмалар жүктелді

Аудан басшысы әлеуметтік нысандарды аралады

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өңір орталығы — Аса ауылындағы бірқатар нысандарды аралап, жұмысымен танысты. Өңір басшысы аудандық полиция бөлімін, кірістер басқармасын, аудандық емхананың, оңалту орталығын, аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығын көрді.

Аудандық полиция бөлімінде болған Ерлан Қыдыралыұлы нысанның жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ қажетті заттармен қамтуға ықпал ететінін, ғимарат айналасын ретке келтіру керектігін жеткізді.

Кірістер басқармасын ретке келтіру үшін қаражат қарау мәселесіне назар аударатынын, мұнда тар ғимаратта отырған басқа орталық қызметкерлерінің көшіру жұмыстарына назар аударатынын айтты.

Орталық емхананың жұмысын көріп, тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты.

Ал есептік кездесуде көтерілген оңалту орталығының орнын арнайы барып көріп, жаңа нысанға көшіру үшін оңтайлы ғимарат қарастырылып жатқанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Халықты жұмыспен қамту орталығында болған өңір басшысы нысан айналасын ретке келтіру, тұрғындарға сапалы қызметтерді ұсыну жұмысына назар аудару керектігін сала басшыларына тапсырды.

Аудан әкімінің сапары кезінде аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімінің орынбасарлары Нұрлан Несіпбеков, Олжас Баққараев бірге жүрді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.