Бүгін ауданның орталығында өткен әз Наурыз мерекесі жұртшылықтың көктемнің келуін асыға күткенін асыға аңғартты. Қарасы қалың болған тұрғындар алыс-жақындарын осы қастерлі шарадан тапты. Өңірден шыққан өнер майталмандары, зиялы қауым өкілдері, қазыналы қариялар мен бүлдіршіндер ұйымдастырылған мерекелік шарадан ерекше әсер алды.
Жайылған дастарханнан дәм татып, ұлттық құндылықтарымыздан сусындап, салт-дәстүрлеріміздің көрінісіне тағы бір шолу жасады.
Шарада аудан әкімі 2000-ға жуық тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Аудандық өнерпаздар әннен шашу шашып, түрлі қойылымдар назарға ұсынды.
Жасөспірімдер арасында ұлттық ойындардан турнирлерде көрініс тапты.
Әз-Наурыз құтты болсын! Дархан даламызды бейбітшілік ессін!
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі