АЩЫБҰЛАҚТА ӘЗ-НАУРЫЗ ТОЙЛАНДЫ

Бүгін Ащыбұлақ ауылдық мәдениет үйінде Әз-Наурыз мерекесі аталып өтті.

Ауыл әкімі Самат Селеубаев ауыл халқын наурыз мерекесімен құттықтаса, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Жандар Тоқсаба  ізгі тілегін жеткізді.

 

Жамбыл ауданның Құрметті азаматы Алпысбай Жұмаханов бата беріп, көктемнің шуақты мерекесінде әр шаңыраққа шаттық тіледі.

Ауыл жұртшылығы Наурыз мерекесін жақсы көңіл күймен қарсы алды.

Ауыл тұрғындары мерекеге сай саxналық қойылыммен басталған және әр мекеме қызметкерлері өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.

Ұлттық дәстүрді ұлықтайтын бесікке салу рәсімі сахнадан көрініс тапты.

Сонымен қатар Наурыз көже таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.