Әкімнің Қоғамдық кеңестің алдындағы есебі берілді

Аудан әкімі Қоғамдық кеңестің алдында есеп берді

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлының аудандық Қоғамдық кеңестің алдында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жылы тиянағын табатын тірліктер туралы есебі өтті.

Аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рүстем Бегалиев ашып, жүргізген кеңесте аудан басшысы жыл жетістіктері мен осы жылы жүзеге асырылатын жұмыстардың барысын айтты.

ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ЕКПІН БАР
Жамбыл ауданында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3,5%-ға артығымен орындалса, негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 28,3%-ды құрады.
2021 жылы «Алель Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Аса ауылынынан құс өсіру фабрикасының құрылысын жүргізіп, бүгінде өз жұмысын бастады.
Сонымен қатар өңірде 31,2 млрд теңгеге 9 жобаны іске асыру жоспарға еңгізілді.
2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 23 жобаны қаржыландыру үшін 1,8 млрд теңге бөлінді. Ал, есепті жылы ұсынылған 2 жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктердің қаралуында.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 53,5 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Өндіріс өнімдерінің ұлғайуы дала еңбеккерлерінің де еңбегін еселеді. Ауыл шаруашылығында 2021 жылдың қорытындысымен 53,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, салыстырмалық кезеңмен есептегенде 1,8%-ға өсті
Соның ішінде егін шаруашылығынан 36,2 млрд, мал шаруашылығынан 17,2 млрд теңгенің өнімдері алынды.
Тақырыпқа тамыздық, қысы-жазы көкөніс өсіретін жылыжайлар елді мекендерде бой көтеруде.
Мәселен, 5 елді мекендегі 76 жылыжайдың 3,3 гекатарына қызанақ, 12,6 гектарына қияр, 1 гектарына гүл егілсе, бірінші, екінші айналымда қоймаға 402 тонна қызанақ, 1344 тонна қияр жөнелтіліп, 60 мың дана гүл жиналды.

КАНАЛДАР ЖАЙЫ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Өңірде «ПУИИД-2», «Европалық даму банкі» арқылы 553 шақырымды құрайтын, 96 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде каналдардағы тірліктер аяқталуға жақын. Осы каналдардың жұмыстары жүйеленсе, 14 мың 556 гектарды суландырады деп күтілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Қаракемер, Ащыбұлақ, Бесағаш елді мекендеріндегі 7 канал, аудандық бюджет есебінен Қызылқайнар ауылындағы канал механикалық тазалаудан өтті.
Ал облыстық және аудандық бюджеттен 5 канал тазаланса, Аса өзенінің арнасын нығайту жұмыстары сәтті аяқталды. Жайылымдарды суландыру бағдарламасымен 633 млн теңгеге 285 ұңғыма қазылып, пайдалануға берілді.

3170 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Аудан бойынша жайылымдық жердің көлемі 279 мың 501 гектарға жетсе, мал жайылыма қажетті жер көлемі 99 мың 300 гектарды құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, игерусіз жатқан 3170 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ал 44 976 гектар жайылымдық жері бар, бірақ мал басы тіркелмеген 410 шаруа қожалықтарына Жер кодексінің баптарына сәйкес ескерту-хабарламалар берілді. Сондай-ақ елді мекендерден 5-7 шақырым радиустағы жайылымдық жерлерді конкурс арқылы беруге тыйым салынды

120 ДАНА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒ ТЕХНИКАЛАРЫ АЛЫНДЫ

Есепті кезеңде 454 млн теңгеге 120 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

ӨҢІРДЕ 112 ҚОЙМА БАР
Өңірдегі 112 қоймада 23 000 тонна көкөніс сақталуда

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБАҒА ЕКІНШІ АУЫЛ ЕҢГІЗІЛДІ
«Жамбыл облысы тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасына кірген Бесағаш ауылына 5 бағыт бойынша 1,0 млрд. несие алынып, жұмыстар өз нәтижесін берді. Бұл жобаның шарапатын бүгінде Өрнек ауылы да көруде. Өрнек ауылындағы 64 аула 235 млн 140 мың теңге несие алса, 47 аула 1639 бас мал алды.

МАЛ БАСЫНЫҢ ӨСУ БАЙҚКАЛАДЫ
Өңірде мал басының өсу динамикасында серпім бар. Ауданда ірі қара саны 48 мыңға, қой-ешкі 270 мыңға, жылқы 22,6 мыңға артты. Ал үй құстары 403 мыңға жетті. Ауданда 5,8 мың тонна ет, 42,8 мың тонна сүт өндірілді. Өндірілген жұмыртқа 10,7 млн данаға артып, 78,2 млн. теңгені құрады.
Ауданда 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңы, 13 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеуде.

НЫСАНДАРДЫҢ БОЙ КӨТЕРУІ ӨҢІР ШЫРАЙЫН АШҚАН
Әлеуметтік, мәдени нысандардың бой түзеуі өңір шырайын келтіруде. Өңірде құрылыс жұмыстары 13,1 млрд теңгеге жүргізіліп, өсім 1,7 млрд теңгені құрады.
Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасымен 2020 жылы 10 үй, өткен жылы 9 үй мұқтаж деп танылған отбасыларға берілді.

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ РЕТТЕЛДІ
2021 жылы ауданда 1 370 адам тұрғын үй кезегінде тіркелген.
Осы мәселені шешу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін дәл осындай 4 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, жаңа тұрғын үй массивтеріне кәріз жүйесінің құрылысын жүргізуге 200 млн теңгеге қаралып, тиянағын тапты.

6 АУЫЛДА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛДІ
Өткен жылы кезекте тұрған 12 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту мақсатында Тастөбе, Бірлесу-Еңбек, Шәкен Ниязбеков, Айшабибі, Қаратөбе, Қызылқайнар ауылына жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ тарту жұмыстары жүргізіліп, 1081 жер учаскесі кезектілікке сәйкес берілді

20 АУЫЛДЫҢ 40 ЖУЫҚ КӨШЕСІ АСФАЛЬТТАНДЫ
Жол қадірін жүрген білер демекгі, 2021 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 9,6 шақырымына 146,4 млн теңгеге қаралып, тақтайдай тегістелді.
Бұдан бөлек 22,5 шақырымды құрайтын 10 ауылдың 26 ауылішілік көшесіне 307,7 млн теңге қаралып, асфальттанды. Оның ішінде «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде 235 млн теңгеге 13,7 шақырымды құрайтын 10 ауылішілік көшелеріне жол жабындысы төселді.

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІМЕН 2 КӨШЕГЕ ТРОТУАР ТӨСЕЛДІ

Аталған жоба аясында тұрғындар өтінішімен Гродиково ауылындағы Ақжол көшесіне, аудандық бюджет есебінен Айшабибі ауылындағы Жібек жолы көшесіне тротуар салынды.

ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН
2021 жылы аудандық бюджеттен 8 ауыл, полиция бөлімі, Орталық стадион аумағы, мектепке баратын көшелер жарықтандырылып, 3 ауылдың 9 көшесінің электр желілері ағымды жөндеуден өтті.
Сондай-ақ Шайқорық ауылының 4 көшесіндегі электр желілері жаңартылса, Пригородное ауылындағы 2 көшенің жарық жүйесі реттелді. Соонымен қатар, Қызылқайнар ауылындағы уақытша мал ұстау алаңына электр жарығы жүргізілді.

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ СӘНІН КЕЛТІРУДЕ
2021 жылы Аса ауылындағы жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйдің қарсы беті абаттандыруға 10,7 млн теңге, Қаракемер ауылдық клубының айналасын қоршауға 7 млн теңге қаражат қаралып, сәтті аяқталды.

ҚАРАКЕМЕРЛІКТЕР ЕСКІ ҚҰБЫРДЫҢ МАШАҚАТЫНАН ҚҰТЫЛМАҚ
42 елді мекеннен тұратын Жамбыл ауданында бүгінде 12 ауылында орталықтандырылған ауыз су жүйесі жоқ. Ауылдықтарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде
Есепті жылы Шоқай ауылының ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.
Бұдан басқа, Бесағаш-Түрксіб ауылдарын ауыз сумен қамту жүйесінің құрылысына 1,5 млрд теңге қаралып, жұмыстар бел ортасынан асты.
Сондай-ақ ағымдағы жылы 526 млн теңгеге Қаракемер елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысы басталатын болады. Аталған елді мекендерге сапалы ауыз су қолданысқа берілсе, өңірде қамтылу деңгейі 78,5 пайызға жететін болады.
Ал қалған 7 елді мекенді ауыз сумен қамту жеңілдетілген жолмен ұйымдастырылмақ.

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 9 АУЫЛҒА ГАЗ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Жамбыл ауданында газбен қамту көрсеткіші ағымдағы жылы 90,4 пайызға жеткізу көзделуде. 2020 жылы 5 елді-мекенге ауылішілік газ тарту жұмыстары аяқталды. Облыстық бюджетен Жұма, Көлқайнар ауылдарына 84,3 млн теңге,«Жұмыспен мыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен Ерназар, Шайдана, Өрнек ауылдарына газ құбыры тартылды.
Ағымдағы жылы 4,7 шақырымды құрайтын орталық магистраллға газ құбырын тарту жұмыстары аяқталса, бір мезетте 10 ауылға көгілдір отын беріледі.
2019 жылы ауданда газ тартылу үлесі 57,1% пайыз, 2020 жылы 61,9 пайыз, 2021 жылы 90,4% жеткізілді.
Алдағы уақытта Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат елді мекендерін табиғи газбен газбен қамту үшін жобалық сметалық құжаттары әзірлеу жоспарға енгізілді.

ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ 5323 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Атаулы әлеуметтік көмекке 511,4 млн теңге, ал кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 113,4 млн теңге бөлінген.
Есепті кезеңде 5 323 адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызды құрады.
Атап айтқанда, жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға 598 азаматқа грант берілсе, бастау бизнес жобасына 363 адам, шағын несиеге 198 адам, жастар тәжірибесіне 177 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 1059 адам, тұрақты жұмысқа 2490 азамат орналасты.

БАРЛЫҚ МЕКТЕП ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ЖАБДЫҚТАЛҒАН
38 білім беру мекемесінің 25-і типтік, 13-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 2021 жылы Түрксіб ауылынан 300 орындық және Жамбыл ауылынан 100 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталды.
11 орта мектептің асханасы, шатыры, ғимарат сыртын, акт залы, қазандығы және сыртқы қоршауы жөнделді.
Барлық мектептерде ішкі әжетханалар, интернет желісі, камералар орнатылса, 17 мектеп робототехникамен жабдықталған.

«ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫМЕН 42 ЖОБА ІСКЕ АСТЫ

2021 жылы Айшабибі мектебіндегі үш ауысымды оқытудың алдын алу үшін 1.4 млрд теңге қаралып, 300 орындықты білім ордасының құрылысы басталса, Шоқай ауылынан 150 орындық мектептің құрылыс жұмыстарына 817 млн теңге қаралды.
Сондай-ақ өткен жылы 685 млн теңгеге 6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді
Ауданда 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 96,1%-ды құраса, 3-6 жас аралығындағы көрсеткіш 100%-ға жетті.
Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек» жобасымен өңірде 44 жоба іске асырылды. Оның екеуі ағымдағы жылдары тиянағын табады.

ҚАРАКЕМЕРДЕ АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Денсаулық сақтау саласында 36 мекеменің 19-ы ыңғайластырылған ғимаратта және жапсарлас ғимаратта орналаса, соңғы екі жылда 8 ауылда медицина мекемелері жаңа ғимараттарға көшірілді.
2021 жылы Қаракемер ауылынан 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды, ағымдағы жылдың жаз айында қолданысқа берілу күтілуде.
Алдағы жылдары орталық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарына және қалған 11 медицина ғимаратының құрылысы енгізілетін болады.

МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасымен 18 кітапханадағы цифрландырылған ақпараттық орталық тұрғындарға қызмет көрсетуде.
2021 жылы «Ауыл — ел бесігі» жобасымен Өрнек ауылынан мәдениет үйінің құрылысын жүргізуге 202 млн теңге бөлініп, жуық күндері пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ Қызылқайнар ауылынан мәдениет үйінің құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

СПОРТ САЛАСЫНА БАСА МӘН БЕРІЛГЕН
Жамбыл ауданында 41 шағын футбол, 25 балалар ойын алаңы,18 жаттығу алаңшасы қызмет көрсетеді.
2021 жылы 58,5 млн теңгеге 5 шағын футбол, 2 балалар ойын алаңы, 1 жаттығу алаңқайы пайдалануға беріліп, 2 шағын футбол алаңына жасанды төсем төселді. Сондай-ақ Қаракемер, Бесағаш, Айшабиб, Гродекова, Пригородное ауылдарына әмбебап спорт кешенін салу үшін бюджеттік өтінім ұсынылды.
Ал, Шайқорық, Өрнек ауылдарынан спорт нысандары құрылысына тиісті құжаттары әзірленуде.

ӨТКЕН ЖЫЛЫ 2000-ҒА ЖУЫҚ ЖАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН
Қоғамның қозғашы күштері саналатын жастардың 1955-і жұмысқа орналасқан. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 882 жас, әлеуметтік жұмысқа 12 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа 356 жас, «Жастар тәжірибесімен 177 жас, кәсіби оқуға 110 жас, жөнелтілген. Ал шағын несие алған жастар 53 жасқа, мемлекеттік гранттқа 258 жас ие болды. Дипломмен ауылға бағдарламасымен 7,1 млн теңгеге 24 маманға көтерме жәрдемақы тағайындалса, 7 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 30,6 млн теңге аударылды.

ҮШ АУЫЛДА ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛАДЫ
2021 жылы аудан аумағындағы 268 қылмыстық іс тіркеліп, 16%-ға өскен.
2021 жылы 8,2 млн теңге Танты, Шайқорық, Қоңыртөбе, Қапал, Жасөркен ауылдарына бейне бақылау қондырғысы орнатылды. 10 млн теңгеге аудандық полиция бөлімінің ғимаратына ағымды жөндеу жүргізілді.
Ал, 2022 жылы 80 млн теңгеге үш елді мекенге тұрғын үйімен учаскелік полиция пунктінің құрылысы жүргізілетін болады.
Міне, осы және өзгеде өңір көрсеткіштері туралы аудан әкімі өз баяндамасында тілге тиек етті.
Аудан басшысының есебінің соңы қоғамдық кеңес мүшелерінің талап-тілегіне ұласты.
Қосымша ақпарат ұсынылады

Leave A Reply

Your email address will not be published.