Емханада Ашық есік күні өтті

Бүгін аудандық орталық емханада жатыр мойны обырының алдын алу және оны ерте анықтау туралы халықтың онкологиялық сақтығын арттыру, скринингтік бағдарламаларға қатысудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндіру, халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында «Бір мезгіл өзіңді ойла, әйел заты!» ұранымен арнайы «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Шара барысында келушілерге скринингтік тексерулер, маммографиялық зерттеу жүргізіліп, онколог, акушер-гинеколог дәрігерлердің қабылдауында болып, мамандардың кеңесі берілді. Сондай-ақ жаднама парақшалары таратылды.

Жатыр мойны обыры алдын алудың негізгі шарасы тұрақты скрининг, сондай-ақ адам папилломасының вирусы вакцинациясы болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.