Арубаев жұмыс сапарымен Бірлік ауылында болды

Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев жұмыс кестесіне сәйкес Бірлік ауылында құрылысы жүріп жатқан көкөніс сақтау, көкөніс пен жемістерді қайта өңдеу және орамалау цехының жұмысымен танысты.

Аталған нысан көкөністер мен жемістерді температуралық және микроклиматтық режимде 20 мыңнан 30 мың тоннаға дейін сақтау және қайта өңдеуді көздейді.

Аудан әкімі жобаның тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы уақытта тиісті жұмыстарды жандандыруды тапсырмалар берді

Leave A Reply

Your email address will not be published.