Алаш жұртының алтын бесігі болған, қазақ хандығы керегесін жайып, ұлттық тұтастыққа өтуіне ұйытқы болған аймақ, ел болашағы үшін ұтымды сөз айтқан Төле биді түлеткен, елін ерке күймен тербеткен Әбдімомын Желдібаевтай ұлды өмірге алып келген құрсағы құт Шу өңіріне, Өтеген батыр елінен Кенен Әзірбаев жерінен қазыналы Қордай төрінен аттанған Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Рухани керуен» ат басын тіреді.
«Ұлттық тағамдар күні» — мерекесіне келген керуенді Шу халқы ауылға кіре беріс аркадан ауданның атқа мінерлері мен зиялы қауым өкілдері, көк туымызды желбіреткен жастар мен ауданның Мәдениет үйінің әншілері домбырамен әндетіп қарсы алады. Мәдениет үйінің алдында және мәдениет үйінің залында екі ауданның көрмесі қойылып, әр ұлттың тағамдары таныстырылды, концерт залында қос ауданның өнерпаздары, түрлі ұлт өкілдері қатар өнер көрсетті.