Қыдыралыұлы: Әрекетсіз қалмаймыз

ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ: ТӨЛЕМАҚЫСЫНА КӨМЕКТЕСЕМІЗ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Аса ауылы тұрғынын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қабылдауға келген Құралай Аяпбергенов тұрғын үйдің жайын алға тартып, үй кезегіне 2020 жылы тіркелгенін, отбасына қоныс қажеттігін қынжыла жеткізді.

Көрсетілетін көмектер туралы айтқан аудан басшысы:

– Тұрғын үй кезегіне мұнда ғана тіркелген екенсіз. Дегенмен, әрекетсіз жатпауымыз керек. Ауыл аумағынан жалға пәтер қарастырып, өзіңізге хабарлаймыз. Төлем ақысына көмектесеміз. Ал өмірсерігіңіздің жұмыссыз екенін ескере отырып, ақылы қоғамдық жұмысқа қабылдауға ықпал етемін, – деді.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.