Бізде бала болғанбыз: Бұзықтығымды білдірмейтінмін
Алаңсыз жүрген кездегі қуанышты сәттер, қызықты оқиғалар, сол туралы естелік-әңгімелер адамның жанын толқытып жібереді. Бұның бәрі де балалық шақтан бастау алады. Алысқа кеткен сол бір ғажайып шақты сағынатынымыз да содан. Десе де, жастайынан еңбек еткен, ерте есейген азаматтар да жоқ емес. Әсіресе, қазіргі аға буынның балалық шағы оңай болмағаны белгілі. Олардың кезінде бүгінгідей жағдай жоқ. Қараша халықтың басым бөлігі таңнан қара кешке дейін шаруашылықпен айналысты. Біреуі мал бақса, екіншісі егін екті.
Жастайынан елге қызмет етуді өзіне міндет санаған, ауданға еңбегі сіңген арда азамат, Жамбыл аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рүстем Бегалиевтің балалық шағы еңбекпен өрілгенін бірі білсе, бірі білмейді. Рүстем аға бізбен әңгімесінде бала кезін сағынышпен еске алып, ата-ананың қадір-қасиеті, мұғалімнің мәртебесі, бала тәрбиесі жайлы пайымды ой-пікірін білдірді.
– Әке-шешем шаруа адамдары еді. Әкем Әліш колхоздың сиырын баққан, Анам Уәйдә сауыншы болған. 10 жасымда әкем өмірден озды. 11 жасымда жазғы демалыста колхозға жұмысқа шықтым. Трактордың артында шөп тырмалайтын тырма болатын. Соның үстінде дөңгелек темір үстелде отырып шөп жинайтынмын. Әлі күнге дейін таң қаламын, сол кезде небәрі 5-сыныпта оқитын бала едім. Қазір 5-сынып
оқитын балалар ондай жұмыс істемейді. 6-сыныпта қырманда істедім. 7, 8,9-сыныптарда жаз бойы шөп артатынмын.
Н е к е р е к , т а м ы з айының соңына дейін жұмыс істейтінмін.
Еңбегімізге қарай 25, 35, кейде 50 сомға д е й і н ж а л а қ ы б е р е т і н . С о л бізге кәдімгідей табыс көрінетін.
Ү й г е а п а р ы п беретінмін.
А л д ы м д а е к і ә п к е м , менен кейін екі қарындасым бар.
Анам бәрімізді жеткізді. Мықты кісі еді. Мені қатты ұ с т а д ы . Ж а л ғ ы з ұлым деген жоқ. Тіпті, бетімнен сүйген емес. Бірақ қатты жақсы көретінін білетінмін. Сонда да үйде темірдей тәртіп болды.Тазалықты сүйетін. Қыздары мен келіндерін де тазалыққа үйретіп кетті.
Мен өзім мектеп кезінде белсенді болдым. Домбыра тартатынмын, өлең айтатынмын. Түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтынмын. Спектакльдерге қатысатынмын. Дегенмен аздап бұзықтығым да бар еді.
Бірақ мұғалімдерге білдірмейтінмін. Бұзықтығымды сырт көзге көрсетпейтінмін. Сондықтан болар, барлығы жақсы бала деп есептейтін. Ол кезде бұзықшылық жасап, мұғалімнен таяқ жегендердің ешқайсысы қазіргідей ата-анаға шағымданып, мұғалімнің үстінен
арыз жазбайтын. Мұғалімнің мәртебесі биік болатын.
Ал, қазір ше?! Бүгінде балаларды қатты еркелетіп жібердік. Біздің балалық шақпен қазіргі балалардың балалық шағын салыстыруға келмейді. Көп нәрсе ата-ананың өзіне байланысты. Баланы қолдап құртамыз. Кейде орынсыз сөзін сөйлейміз. Одан қалса, мұғалімдерге кінә артып жатамыз. Бұның бәрі баланың тәлім-тәрбиесіне кері әсер етіп жатыр. Мойындауымыз керек, бала тәрбиесін ақсатып алдық. Бұл – ата-аналардың өз кінәсі.Кінә өзімізден. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылды «Балалар жылы» деп жариялауы дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Өйткені, бала – біздің болашағымыз. Олардың тәрбиесіне, жүріс-тұрысына әуелі өзіміз жауаптымыз. Тәлім-тәрбиеге көп көңіл бөлуіміз қажет. Баланы телефон емес, ата-ана тәрбиелеу
керек. Сонда ғана ата-ананың бала алдында абырой-беделі болады. Балаларды жан-жақты дамыту, әдеби рухани-мәдени дүниетанымынкеңейту үлкен маңызға ие. Олардың тәрбиелі, білімді, мәдениетті азамат болып өсуі бәріміз үшін де маңызды. Баланың тұлға болуы ата-анаға, мектептегі мұғалімдерге, араласатын ортаға байланысты. Сол үшін де балаға жауапкершілікпен қарауымыз, дұрыс бағыт-бағдар беруіміз қажет, – деген Рүстем Әлішұлының сырлы әңгімесінен Жаратқанға шүкіршілік етіп, ертеңге сенімді қадам басып, еңсемізді тіктейтін тағылымды ой түюге болады.
Ильяс Қалыбеков,