Жамбыл ауданында Жеңіс күніне орай 11-нші ауылдық клуб пайдалануға берілді

ТАҒЫ БІР МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

 

Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл ауданында тағы бір мәдениет ошағы пайдалануға берілді. Ақбастау ауылдық округіне қарасты Шоқай ауылында 100 келушіге арналған ауылдық клубтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен Олжас Баққараев арнайы келіп, ауыл азаматтарын Жеңістің 77 жылдығымен құттықтап, тұрғындарлың өтінішімен ауылдық клубқа қарама-қарсы бетте 150 орындықты мектептің құрылысы бастау алғанын айтса, ауыл ақсақалы Бекзат Қожабеков ақ батасын берді.

Ауылдық клубта 6 азамат жұмыспен қамтылып, домбыра мен ән үйірмелері, кітапхана келушілерге есігін ашты

 

Аудандық Мәдениет үйінің директоры Индира Тоғанбаеваның айтуынша, өңірде 5 Мәдениет үйі және 11 ауылдық клуб тұрғындарға қызмет көрсетеді.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.