Қасен Шанбаевқа 4 марапат табысталды

Соғыстың соңғы сарбазына министрдің және екі аудан әкімінің марапаты табысталды

9 мамыр — Жеңіс күнінде аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Жамбыл ауданындағы 100 жасқа аяқ басқан Ұлы Отан Соғысының соңғы сарбазына арнайы барып, сый-сияпат, естелік сыйлықтар тарту етті.
Өңір басшысы бейбітшілік заман орнатып, Отанға деген сүйіспеншіліктің ерен үлгісін көрсеткен оғландар ешқашан ұмыт болмайтынын алға тартты.
Сондай-ақ соғыс ардагеріне ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Құрмет грамотасы, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының және Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың Алғыс хаты, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Рүстем Қасымовтың құттықтау хаты табыс етілді.
Өз кезегінде Қасен Шанбаев арнайы келген басшыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Соғыс сарбазын құттықтауға аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудандық Қорғаныс істер бөлімнің бастығы Ғани Алдабергенов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов, ауыл әкімі Дәрмен Дәулет арнайы келді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.