Таяуда Жамбыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Жалғас Арықбаевтың қатысуымен қызметтік тұрғын үйге мұқтаж ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерін есепке қою жөнінде жиын өтті.
Жиын барысында аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Ж.Қапалбаев сөз алып, тақырып төңірегінде сауал тастатса, ХҚКО-ның өкілдері өтініштерді қабылдау, құжаттар жайында түсіндірме жүргізді.
Сондай-ақ, қатысушыларға интернет ресурсындай орналастырылатын ақпараттар жайында мағұлматтар беріліп, нақты сұрақтарға тұщымды жауаптар қайтарылды.
Іңкәр Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО-ның жетекші маманы.