АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫ АЛУ ТӘРТІБІ ОҢАЙ

Жуырда аудандық ХҚКО-да архивтік анықтамалар мен құжаттардың көшірмесі, үзінділерді беру бойынша кездесу өтті. Жиынға аудандық мұрағат пен ХҚКО-ның қызметшілері қатысып отырды.

Басқосуда маңызды ақпараттар айтылды. Мәселен, қызметті онлайн алу үшін порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн сұратым» батырмасын басып, өтінімді толтырып оған ЭЦК немесе смс құпия сөзін теруге болатыны туралы айтылды. Сондай-ақ, сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар не олардың көшірмелері болған кезде өтінішке қоса берілетіндігі айтылды.

Жиын соңында архивтік анықтамалар мен кқшірмелердің, архивтік үзінділерді алу бойынша бөлім қызметкерлерімен бірлесе отырып, жұмыс жасау тапсырылды.

Іңкәр Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО-ның жетекші маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.