Облыс әкімі мектеп құрылысын мерзімінде аяқтауды тапсырды

Айшабибідегі жаңа тұрғын үй алқабында 300 орынды мектеп салынуда

 

Облыс әкімі мұнан соң Айша бибі ауылында тұрғындардың өтініші бойынша салынып жатқан 300 орынды жаңа мектептің құрылыс жұмыстарын көрді.

Мектептің құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд 436 млн 139 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде.

Бүгінде іргесі қаланып, қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылған білім ордасының терезелері орнытылып, ішкі және сыртқы жұмыстарына екпін берілген.

Құрылыс жұмыстарын аралаған аймақ басшысы құрылыс сапалы әрі мерзімінде қолданысқа берілуі керектігін, ғимарат айналасындағы абаттандыру жұмыстарына екпін беру қажеттігін серіктестік директорына тапсырды.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.