Асарлатып салынған баспаналар екі отбасыға берілді

ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫНДА 2 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«Ырыс қайда барасың? Ынтымаққа барамын!» дейді халықтың әпсанасы. Бірлігі бекем, пейілі кең тобырды алапат тасқын я болмаса бұрқасын жел іргесіне сызат түсіре алмайды.

Бүгін қасиетті Құрбан айт мейрамында Рахат ауылындағы көпбалалы отбасыға баспананың кілті табыс етілді. Тонның ішкі бауындай ұйымдасқан рахаттықтардың қуанышына ортақтасуға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов арнайы барып, отбасы мүшелерін құттықтады. Тұрғындар мен кәсіпкерлердің, қолы ашық азаматтардың баспанадан бала-шағаның күлкісін есту үшін күн-түн демей еңбек еткені көрініп-ақ тұр. Таразыда салмағы ауыр амалға бейіл берген көпшілік алғыс арқалап, сауапқа кенелген.

Қуанышқа кенелгендердің алғашқылардың бірі А.Жақсылықов көшесінің тұрғыны, ал екіншісі Айдаров көшесінің тұрғыны.

Баспананың жер көлемі 7 шаршы метр, 5 бөлмеден тұрады.
Тұрғын үйге ауыз су және электр жүйесі кіргізілген. Табиғи газ енді қосылады.
Қуанаышқа кенелген отбасылар Құрбан айт мейрамында жасалған ауылдастарының ізгі амалына алғысын білдіріп, шексіз ризашылығын білдірді.

  • Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Leave A Reply

Your email address will not be published.