ҰСЫНЫС-
ТІЛЕКТЕР
ЖАУАПСЫЗ
ҚАЛМАЙДЫ
Жуырда «AMANAT» партиясы аудандық
филиалының ұйымдастыруымен Көкбастау
ауылдық округіне қарасты Бақалы және
Ақтөбе ауылдық округінің орталығы
Бәйтерек ауылдарында көшпелі қоғамдық
қабылдау өтті.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға «AMANAT»
партиясы облыстық филиалы атқарушы
хатшысының орынбасары Ермұхамед Жұмабек,
облыстық мәслихаттың депутаты Әлімбек
Жұмабаев, партия аудандық филиалының
атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков, партиялық
бақылау комиссиясының төрайымы Күлбақыт
Айтқұлова және аудан әкімдігіне қарасты тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль
жолдары, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары,
халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі,
«Жуалы-Су» қазыналық кәсіпорнының басшылары
және жауапты мамандары қатысты.
Алдымен көшпелі қоғамдық қабылдау
Бақалы ауылдық мәдениет үйінің ауласында
ұйымдастырылды. Мұнда қабылдауға келіп,
сұрақтарына жауап іздеген ауыл тұрғындарының
қарасы көп болды. Атап айтар болсақ, Теріс
ауылының тұрғыны Жексенбай Мүсірепбеков
ауылдан сайланған депутаттардың сайлауалды
бағдарламасымен таныспағанын, депутаттар
сайланғанымен ауылдың жағдайын білуге, ауылдағы күрмеулі мәселелердің
түйінін шешуге құлықсыз екендігін
айтып, жайылым жер мәселесі туралы
сауалдарын жолдады.
Көкбастау ауылдық округі ардагерлер
кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз
Аташбек Әмірқұл бүгінде жастардың
тәрбиесіне баса назар аудару керектігін
және жастардың бос уақытын тиімді
ұйымдастыру үшін округке қарасты
Теріс, Бақалы ауылдарынан дене
шынықтырумен айналысатын шағын
с п о рт н ы с а н д а р ы н ж ә н е т ү рл і
үйірмелермен қамтылған клубтар
ашылса деген ұсынысын жеткізді. Ал,
Теріс ауылы, Қ.Рысқұлбеков көшесінің
тұрғыны Нұрлан Сейтаев көшедегі
жарық өшсе ауыз су қоса өшетінін айтып
күйінді. Одан бөлек, аталған ауылдағы
орталық стадионның қараусыз қалғанын,
бүгінде бұл стадион күрделі жөндеуді
қажет ететіндігін алға тартып, жайылым
жер мәселесі туралы да сұрақтарымен
жауапты мамандарға қайырылды.
Айта кету керек, ауыл тұрғындарының
дені тұрақты жұмысқа тұру және жол
мәселесін көтеріп, Теріс ауылының
тұрғыны үйіне көгілдір отын кіргізуге
көмек көрсетілсе деген ұсыныс-
тілектерін жеткізсе, сол секілді Бақалы,
Теріс, Көктөбе ауылдарынан спорт
алаңшасын салу жөнінде сұрақтарын
жолдады.
Әрі қарай көшпелі қоғамдық
қабылдау Бәйтерек ауылдық мәдениет
үйінде жалғасты.
Мұндағы қабылдауға жоғарыда
аталған аудан әкімдігіне қарасты
б ө л і м д е р м е н қ ат а р , о бл ы с т ы қ
мәслихаттың депутаты Керімқұл
Бегалиев, аудандық мәслихаттың
депутаттары Зайырбек Сұлтанмұратов,
Руслан Сайлаубаев қатысты.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға
алдымен келген Бәйтерек ауылының
тұрғыны, көпбалалы ана Арайлым
Н а р т а е в а а у д а н д а ғ ы » К М Ф »
микрокредиттік ұйымынан 600 мың
теңгеге жуық несие алғанын және одан
бөлек, танысы алған 1 миллион теңге
несиесіне кепіл ретінде тіркелгенін,
алайда бүгінде танысы қарызын төлемей
қашып жүргенін айтып, көмек сұрады.
Соның салдарынан ауылдасының
несиесін төлеуге мәжбүр болып
отырғанын айтады көпбалалы ана. Осы
мәселені шешу үшін үкіметтен қаржылай
көмек болса деген тілегін қоса жеткізді.
Жаңаталап ауылының тұрғыны,
Жаңаталап ауылдық клубының маманы
Ақтолқын Бекболатова аталған клубты
күрделі жөндеуден өткізуге арналған
жобалық-сметалық құжаттамасы 2020
жылы әзірленгенін, алайда ешбір
жауапты орган бұл мәселені шешуге
атсалыспайтынын айтады. Осы айтылған
мәселе аяқсыз қалмай, ағымдағы жылы
клуб күрделі жөндеуден өтсе дейді клуб
маманы.
Одан бөлек, ауыл тұрғындары
Бәйтерек ауылдық балабақшасын ескі
ауылдық дәрігерлік амбулаторияның
орнына көшіру, Бәйтерек ауылынан
монша, дәріхана салу, Шеп көшесінің
жолына асфальт төсеу, көшені
жарықтандыру, арық суын ретке келтіру
және ауылдағы интернет желісінің
нашарлығы сияқты т.б. сұрақтарын
жолдаған.
Көшпелі қоғамдық қабылдау
аяқталуға жақын қалғанда Партия
о бл ы с т ы қ ф и л и а л ы а т қ а р у ш ы
хатшысының орынбасары Ермұхамед
Жұмабекті сөзге тарқан едік.
— «AMANAT» партиясының кезектен
тыс ХХІІ съезінде партия төрағасы,
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаев партияға шалғай ауылдарға
барып, халықтың мұң-мұқтажын
тыңдап, мәселелерін шешуді тапсырған
болатын. Осыған орай, біз биыл бірінші
жартыжылдықта облысымызға қарасты
барлық ауданның ауылдарын аралап
шыққан болатынбыз. Сонымен қатар,
партияның аудандық филиалдары да
бұл саяси науқанға біркісідей атсалысып,
ауылдарға барып, көшпелі қоғамдық
қабылдау жүргізуде. Мұндағы мақсат —
қарапайым халықты орталыққа келтіріп
емес, халықтың алтын уақытын үнемдеп,
мәселелерін дер кезінде шешіп беруге
атсалысу болып отыр.
Бүгінгі өткізілген қабылдауға
келушілердің қатары көп болды. Ауыл
тұрғындарының көтерген мәселелері
мен жолдаған сауалдарының барлығын
жазып алып отырдық. Ендігі кезекте, біз
бұл сауалдарды аудан әкіміне, сондай-
ақ, жауапты бөлімдер мен басқармаларға
жолдап, халықтың сұранысының
орындалуын қатаң қадағалауда
ұстайтын боламыз, — деп сөзін түйіндеді
Ермұхамед Нұрмұхамбетұлы.