Ерназарлық батырларға ауылдастары құрмет көрсетті

БАТЫРЛАРҒА АРНАЛЫП ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА МЕН ВОЛЕЙБОЛ АЛАҢЫ ОРНАТЫЛДЫ

 

Бүгін Ерназар ауылында былтырғы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза болған Тәңірберген Құдайбергенұлы мен Ғафан Жомартұлын еске алуға арналған ескерткіш тақта мен волейбол алаңының ашылу салтанаты өтті.

 

Өткен жылдың тамыз айында әскери қоймада болған жарылыс халық жадынан көпке дейін алыстамайды. Өртті сөндіру кезінде әскери қызметшілер мен құтқарушылар үлкен ерлікпен қаза тапты, ауыр дене жарақаттарын алды.

Ерназарлықтардың еске алуға арналған іс-шарасына аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев қатысты.

— Батырларымыздың ұлы ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Енді осындай батыл, халқының қамқоршысындай болған ерлеріміздің ұрпағы мың жасасын, ешқандай жаманшылық көрмесін. Ер есімі ел есінде тек өнегелі ісімен сақталатынын ескерсек, ІІІ дәрежелі Айбын орденімен марапатталған батырларымыздың ержүректілігі көпке үлгі болуы тиіс, — деді ол.

 

Ешкім де, ештеңені де ұмытпайды!

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.