ХҚКО — ҚАРАША ХАЛЫҚТЫҢ УАҚЫТЫН ҮНЕМДЕЙДІ

Техника дәуірінде үйден шықпай-ақ, өзіңізге қажетті анықтаманы алуға болады. Осы тұрғыдан Жамбыл ауданында қыруар шаруалар атқарылуда.  Жыл сайын дәстүрлі тәсілмен көрсетілетін қызметтер саны азаюда.

Айрықша айта кеткен жөн, соңғы бірнеше жылдың ішінде электрондық үкімет порталында е-анықтама алудан басқа, автокөлікті қайта тіркеу және тағы басқа да қызметтерге барынша қарапайым тұрғыда әрі тез қол жеткізуге болады. «Азаматтарға арналған үкіметтің» бастамасымен үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисі іске асырылды. Бұл ендігі жерде қазақстандықтардың қағаздық нұсқадағы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы және жылжымайтын мүліктің бары-жоғы туралы анықтаманы әртүрлі ұйымдарға ұсыну керек болмайтынын білдіреді. Қажетті мәліметтерді олар азаматтың рұқсатымен электрондық үкімет порталы арқылы өз құзіреттері арқылы сұрата алады.

Қазір елдің ХҚО барғысы келмейтіні рас. Көбісі қызметтерді телеграм-бот және mgov мобильдік қосымшасы арқылы алады.

Жылдың басынан бері психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулезге қарсы диспансерлердің анықтамаларын телеграм-бот арқылы алу мүмкіндігі пайда болған. Бұл өте ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Тек мобильдік азаматтар қорына тіркелу ғана жеткілікті екен.

ХҚКО-ның Жамбыл аудандық филиалының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.