Жамбыл ауданындағы екі елді мекенде ауыл әкімінің сайлауы өтуде
Өткен жылы 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.
Бүгін Жамбыл ауданы, Қызылқайнар және Қарой ауылдық округінде сайлау өтуде.
Ауыл азаматтары сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын беруде.
Сайлау учаскесі бүгін таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлаушыларға есіктерін айқара ашты.
Кешкі сағат 20:00-де дауыс беру тоқтатылады.
Қазіргі таңда дауыс беру жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі