Әкім небәрі 4 айда жастарға берген уәдесін орындады

Аудан әкімі Шайдана ауылы жастарының өтінішін орындады

Жастар – егемен елдің ертеңі, қоғамның қозғаушы күші. Оларға қолдау білдіру, қолайлы орта қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеті болып табылады. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысып қана қоймай жетістікке де жетіп жүрген шайданалық жастардың басым көпшілігі ауылдағы «Алмаз спорт кешенінде» бос уақыттарын өткізеді. 2017 жылы ауыл азаматы Әділ Байұзақовтың демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы жастардың кеш қарая басқосатын орнына айналғалы қашан. Мұнда 17 жасқа дейінгі балалар сағат 21:00-ге дейін, ал 18 жоғары жастар түн баласы футбол ойнап, ойын шеберлігін арттырып жүр. Дегенмен, жастардың еркін ойнауға жасанды тоғанның ескіргені кедергі келтіретінін ауылдың белсенді азаматы Жомарт Әбілдаев аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Қарасу ауылдық округі тұрғындары алдында есеп беру кездесінде назарына жеткізген болатын. Жиында аудан басшысы жастардың өтініші ағымдағы жылы орындалатынын, олардың футболдағы жетістіктерінен хабардар екенін жеткізген болатын.
Сөзден іске келер болсақ, есептік кездесуден кейін арға 4 ай салып, ауылдағы спорт кешенінің жасанды тоғаны жаңартылуда.
Бұл туралы Қарасу ауылдық округінің әкімі Мади Жанұзақов:
– Жұмыстардың басталғанына көп болмады. Өңір басшысының кездесуінен кейін, аудандық бюджеттен 1 млн 876 мың теңге қарастырылып, «Ali Contract» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 452 шарты метрге сапалы төсенішті жапсыруда. Жұмыстардың талапқа сай жасалуы жергілікті әкімдікпен қатар ауыл жастарының да бақылауында. Апта ішінде жұмыстар аяқталатын болады. Жастар қуанып жүр. Олар өтініштерінің азғана уақытта орындалып жатқаны үшін алғысын білдіруде, – дейді Мади Жарлығапбайұлы бізбен әңгімесінде.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.