Заңды бұзғандар жазаға тартылады

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық.
Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайтыны анық. Тиісінше елімізде іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы күресте жүйелі жұмыс істеуі мүмкін емес.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жобасы арқылы сыбайластыққа қарсы күрестің негізі принциптері анықталып, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды. Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.
Мемлекеттік қызметшілердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің аулақ болғаны жөн. Мұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

Әділет Асан,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.