Сыбайластық санамызға сіңбесін

Жуырда аудандық Мәдениет үйінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мәдениет қызметкерлері мен аудан жастарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» тақырыбында жиын өтті.

Басқосуда аудандық Мәдениет үйі директорының орынбасары Сағи Мұздыбай, «Аса адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандар Тоқсаба, аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Темірхан Бейсекеев тақырып төңірегінде ойларын ортаға салды. Қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға тұщымды жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін назарға алды.
Белгілі айтыскер ақын Айтмұханбет Исақов жергілікті тұрғындар арасында жемқорлықпен күресті кеңінен насихаттау, үгіт-насихат жұмыстарын күшейту керектігін алға тартты. Олай істемесе болмайтынын, бұл індет санамызға сіңіп бара жатқанын жеткізді.
Жиын көпшілікке ой салатын арнайы дайындалған бейнебаян көрсетілімімен аяқталды.
Расында, сыбайлас жемқор­лықпен күрес адалдықты дәріптеуден басталады. Өскелең ұрпақтың бойына адами ізгі қасиеттерді сіңіру аса маңызды. Күнделікті өмірде ата-ана бала тәрбиесінде осыған баса мән беруі керек. Сонда ғана жасөспірімдер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастырамыз. Жиналған көпшілік басқосудан осындай ой түйді.

Ильяс Қалыбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.