Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшановтың айтуынша, Президент болуға үміткерлерлер ішкі тұрақтылықты ғана қадағалап отыратын емес, сыртқа жағдайды да қырағы бақылап отыра алатын білікті қайраткер болуы керек, деп хабарлайды Аса ақпарат.
«Соңғы саяси реформаларды қолдаймыз деп айта аламыз. Себебі алдындағы оқиғалар біраз қателіктерге ұрындырды. Көп нәрсенің бүгін беті ашылып жатыр ғой. Кемшіліктер болды, көп ақша талан-таражға кетті. Соңғы осы саяси реформалар осыны тоқтатуға, жол бермеуге бағытталған. Қазірден бастап нәтижесі көрініп жатыр. Біраз адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Енді ақша қайтарылып жатыр. Бәрі бірден болмайтын шығар, табан астында. Тоқаевтың бастаған саясаты оң нәтиже беріп жатыр деуге негіз бар.
Өкінішке қарай, сайлауға түсуге үміткер болып жатқан кандиттардың ішінде қазіргі Президент секілді азаматтар көрінбейді. Жеңілдіктер жасалып жатыр, партияның біраз шектеулерін алып тастап жатыр. Ақыры партия құрдың ба, бел буып ертеңге дайындалу керек. Мәслихатқа, мәжіліске, Президент сайлауына күресу керек, сайлау кезінде кеш айтты, ерте айтты дегенше. Олар республика көлемінде өздерін әлі толыққанды көрсеткен жоқ»,-дейді Рахман Алшанов.
Оның айтуынша айналамыздағы қарулы қақтығыстар кезінде халықаралық тәжірибесі мол азамат елді басқармаса, халықтың тағдырын кім көрінгеге бере алмаймыз.
«Елді басқару оңай емес. Қазір Ресей мен Украинадағы, Армения мен Әзірбайжандағы, Қырғызстан мен Тәжікстандағы, арғы жақта Ауғанстандағы қырғиқабақты көріп отырмыз. Төңірегіміздің бәрі осындай. Мұндай кезде ішкі тұрақтылықты ғана қадағалап отыратын емес, сыртқы жағдайды да қырағы қадағалап отыратын білікті қайраткер керек. Украина да бізге қашық емес, Ресей көршіміз. Ал Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымында болса, ал Әзірбайжан бізің Түрік одағында. Әрқайсына жақынбыз. Осыған байланысты қандай да бір шешімді ірі саясаткер дұрыс қабылдай алуы маңызды. Ел басқаратын адамның халықаралық қатынастарда тәжірибесі мол болғаны жақсы. Сондықтан біз халықтың тағдырын кім көрінгенге бере алмаймыз»,-деді ол.
Рахман Алшанов, Президенттің жеті жылдық мерізімге сайлануына қатысты оң баға бере алмайтынын ашық айтты.
«Сайлаушы болу да оңай емес, олардың да деңгейі өсуі керек. Мен енді 6 рет Алматыдағы штабты басқардым ғой. Өкінішке қарай, неге екенін білмеймін Нью-Йорк, Токио сияқты ірі қалаларда да адамдар сайлауға 11-20 пайыз арасында барады. Ол саяси белсенділіктің төмендігінен емес деп ойлаймын. Қауіп төнетін болса халық жаппай келуі мүмкін. Ал қауіп төнбесе онда керек емес деп келмеуі де мүмкін. Ол жағын енді әлеуметтанушылар зерттеуі керек. Алматыда да шамамен дауыс беруге құқылы сайлаушылардың бұл жолы 40 пайызы белсенді болып, сайлау учаскесіне келуі ықтимал.
Президенттің 7 жылдық мерізімге сайлануының нәтижесін тек уақыт еншісіне қалдыра аламыз. Иә, шешім қабылданып қойды. Бірақ, кез келген бастаманы, ұсынысты «осы дұрыс болды» деп бөркімізді аспанға лақтыруға болмайды. Бәрін тәжірибе көрсетеді»,-деп түйіндеді сөзін Рахман Алшанов.