Бірлесу-Еңбек ауылында учаскелік пункті ашылды

Екінші ауылда учаскелік полиция пункті ашылды

 

Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор.

Аймақ басшысы Нұржан Молдиярұлының әр ауылдық округтің әкімі, мектеп директоры, учаскелік полиция инспекторы өзі жетекшілік ететін яғни басқаратын елді мекенде тұрақтау қажеттігі жөнінде жүктеген тапсырамасына сәйкес, Жамбыл ауданында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 3 ауылда тәртіп сақшысына арналған тұрғын үй қолданысқа берілді.

Солардың бірі — Бірлесу-Еңбек елді мекені.

 

 

Полиция пунктінің ашылуына Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Удергенов

аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен құқық қорғау саласының ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

 

 

Бүгінде полиция болмысы қазақ ұлттық полициясына айналып, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда қалтқысыз қызмет атқаруда. Полиция – екінің бірі қол жеткізе бермейтін таңдаулы мамандық. Сондықтан, құқық қорғау қызметкерлерінің қызметі жүйелі болуы үшін оның әлеуметтік қорғалуы да басты назарда болып отыр.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Айшабибі, Бірлесу-Еңбек және Аса ауылында учаскелік полиция пункті ашылды.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.