Аудан орталығында учаскелік полиция пункті ашылды
Бүгінде полиция болмысы қазақ ұлттық полициясына айналып, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда қалтқысыз қызмет атқаруда. Полиция – екінің бірі қол жеткізе бермейтін таңдаулы мамандық. Сондықтан, құқық қорғау қызметкерлерінің қызметі жүйелі болуы үшін оның әлеуметтік қорғалуы да басты назарда болып отыр.
Аймақ басшысы Нұржан Молдиярұлының әр ауылдық округтің әкімі, мектеп директоры, учаскелік полиция инспекторы өзі жетекшілік ететін яғни басқаратын елді мекенде тұрақтау қажеттігі жөнінде жүктеген тапсырамасына сәйкес, Жамбыл ауданында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 3 ауылда тәртіп сақшысына арналған тұрғын үй қолданысқа берілді.
Солардың бірі — Аса ауылы
Полиция пунктінің ашылуына Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Удергенов аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен құқық қорғау саласының ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Айшабибі, Бірлесу-Еңбек және Аса ауылында учаскелік полиция пункті ашылды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі