Жолдың да талаптарын сақтау қажет

Жәнібеков: Жолға да құрметпен қарауымыз керек

Жол қадірін жолаушыдан артық ешкім білмейді. Қазынадан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол пайдаланушыларына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бөлінген қаражат халықтың игілігі үшін жасалуда.

Дегенмен жол сапасының нашарлауына көптеген факторлар әсер етеді.

Күні кеше облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков Сарысу ауданына жұмыс сапармен барғанда осы жайтқа назар аударды.

 

Жалпы Сарысу өңірінде Майдагенкөл, Шұңқыр, Ақ-пункт, Итім, Тұзкел кен орындарынан тұз өндіруге жасалаған келісім бар. Олар тұз өнімдерін ауыр жүк көліктері арқылы тиісті орынға жеткізеді. Жалпы автомобиль жолдарында рұқсат етілген, яғни 25 тоннадан артық салмақ жолдың морылуына яғни сапасының төмендеуіне әкеледі.

Басқарма басшысы аталған кен орындарында тасымалдау жұмыстарымен айналысатын кәсіпкерлермен жолықты. Жиынға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен жауапты тұлғалар қатысты.

Жиында сөз алған Бақытжан Оразалыұлы Жолдың сапалы сақталуы үшін оның стандарттық талаптарында орындау керектігін айтты.

– Бүгінде кен орнындағы ауыр жүк көліктері 40-45 тонна өнімді тиеп, рұқсат етілген салмақтан 15-20 тоннаға артық тасымалдауда. Салдарынан мұндай салмаққа есептелмей салынған жол негізі бұзылуда. Жалпы пайдаланымдағы автожолдармен тасымалданатын тұз өнімдерінің көлемін рұқсат берілген мөлшерде ғана арту керек. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының» талаптарына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушыларға, мердігер ұйымдарға, жеке тұлғаларға жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтан асатын жүктерді тасымалдауға тыйым салынған. Оған қоса, жүк көліктері кен орнынан (карьерден) шығарда жол берілген салмақтық және көлемдік параметрлерден аспайтындығына көз жеткізіп, кен орнынан тауар-көлік жөнелтпе құжатын алуға міндетті, — деген ол алдағы уақытта Жамбыл облысы көліктік бақылау инспекцисы арнайы жылжымалы көліктік бақылау бекетін Сарысу ауданына тұрақты түрде орналастырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілетінін алға тартты.

Жүріп өткен жолды қайта айналып басатанымызды ескерсек, жолға құрметпен қарағанымыз абзал!

Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.