Жуалыда зағип жандарға құрмет көрсетілді

КӨЗІ ӘЛСІЗ КӨРЕТІН ЖАНДАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Бүгін 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза аудандағы зағип жандарды қабылдады.
Биыл «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне 85 жыл толып отыр. Аталған бірлестіктің аудандық филиалында 55 адам тіркелген. Олардың 16-ы І топтағы мүгедектер санатына кірсе, 14-і ІІ топтағылар.
Мүгедек жандарға көмек көрсету – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ағымдағы жылы ауданда 10 адам шипажайлық-курорттық емделуге жолдама алса, 9 адам түрлі салада жұмыс істеуде, 8 адам мемлекет тарапынан мүгедектігіне байланысты түрлі көмектер алған.
Ауданда зағип жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және ауданның қоғамдық, мәдени өміріне белсене қатыстыру, шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік беру, көзі көрмесе де асыл сөздің мәнін білетін жандарға осындай шараларды ұйымдастыру арқылы қуаныш сыйлау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Бүкіл қоғам болып мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау – біздің баршамыздың міндетіміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.