ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы неде?
Бізге ЖСН алу мен азаматтық алудың айырмашылығы қандай деген сұрақ жиі қойылады. Жеке сәйкестендіру нөмірі — ҚР азаматтарына туған кезде берілетін 12 цифрдан тұратын бірегей сандар комбинациясы.
Шетелдік азаматтар ЖСН алу үшін ХҚО-ға жүгіне алады. Бұл ретте кез келген шет мемлекет азаматы ЖСН-ді кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін және қаржылық операцияларды орындау үшін ала алады. ЖСН алу мен азаматтық алу — екеуі екі бөлек нәрсе.
Қазақстан Республикасы азаматтығын ҚР аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұратын адамдар; елде кемінде үш жыл тұратын ҚР азаматымен некеге тұрған адамдар; сондай-ақ, Қазақстан аумағында тұратын жақын туыстары бар адамдар ала алады.
Айта кетейік, жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан аумағында тұрақты тұратын қандастар, Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар, сондай-ақ, ел аумағында тұрақты тұратын өздерінің ерік қалауынан тыс азаматтығынан айырылған немесе оны жоғалтқан жаппай саяси қуғын-сүргiннiң ақталған құрбандары мен олардың ұрпақтары ала алады.
Іңкар Сүлеймен, аудандық ХҚКО-ның жетекші маманы.