Шоқай ауылында әкімнің уәдесі орындалды

70 ЖЫЛ КҮТКЕН ЖОЛ ЖАҢАРДЫ

Шоқайлықтар бұл жаңалықты тарихи сәтпен байланыстырады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығынан бөлек, Шоқай ауылы ауыл болып аталғалы яғни, 70 жылдан бері Дербісәлі Байғазиев көшесіне арналып, түйір тас я болмаса жол жабындысы төселмеген. Жаңбырлы күні лай, аптақ ыстықта шаңы көтерілген Ұлы Отан соғысы ардагері көшесінің мұндай сұрықсый күйі шоқайлықтардың жанына батқалы қашан…
Әйтсе, де бұл көріністер бүгіннен бастап өткеннің еншісінде, сыр сандықта қалды. Жылдың қорытындысы бойынша тұрғындармен алғашқы кездесулерін өткізуге кіріскен аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының назарына Шоқой ауылының тұрғыны Сембек Пірімқұлов бауын тапса, байламын таппай жүрген жол мәселесін көтеріп: «Таудың басына қар мен мұз үйлесе де, таудың биікті аласармайды. Елдің ертеңі үшін жанын садақа еткен оғланымыз – Дербісәлі Байғазиевтің есімімен аталатын көшенің жайы жақсы емес. Асфальт төселуіне ықпал етуіңіз қажет», деген сауалын жолдаған болатын. Ауылдың сыйлы азаматының талабы орынды екенін айтқан аудан басшысы үстіміздегі жылдың ішінде жолды толықтай жаңартуға өз уәдесін берген болатын.
Сөзден-іске келер болсақ, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваның айтуынша, ұзындығы 1 шақырымнан асатын көшеге «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 18 млн теңгеге жол жабындысын төседі. Жол жабындысының талаптарға сай жасалуын ауыл тұрғындарымен бірге бақылауда ұстадық. Ослайша, ауылдықтар көтерген мәселе өз шешімін тапты. Тұрғындар алғыстарын жеткізуде, – дейді Нұрсұлу Лутфуллақызы.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.