ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ОҚУШЫЛАРДЫ АКАДЕМИЯҒА ШАҚЫРАДЫ

Таяуда Жамбыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің кызметкерлері аудан орталығында орналасқан Б. Момышұлы атындаты орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына Қазакстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігі М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға шакыру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Төтеншеліктер академия жайлы малғұлматтар беріп, оқушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

— Академияны бітірген тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі және лейтенант атағы беріледі, тұрғылықты жері бойынша ТЖМ бөлімшелеріне кепілді түрде жұмысқа орналастырылады. Академияға оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық төтенше жағдайлар бөлімдеріне өтініш берсе болады», — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Нұржан Күдербай оқушылармен кездесу барысында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.