АЛҒАШҚЫ ЖҰП ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Бүгін кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауында Жамбыл ауданында сағат 07:00-ден бастап, 35 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады.
Соның ішінде ерлі-зайыпты Ақжігіт пен Айзат ең алғаш дауыс беруші болып тіркелді.
— Өткен жылдары бір өзім сайлауға барып, таңдауымызды жасаушы едік. Бұл жолы серігіммен бірге өзіміздің №176 сайлау учаскесіне барып, ең алғашқы болып дауыс бердік. Үйдегілер арнайы сайлауға дайындалған автобусқа көрші-қолаңмен бірге келе жатыр. Аудан тұрғындары саяси науқанда өз таңдауларын жасап, белсенділік танытады деп ойлаймын, — дейді Ақжігіт Жетпісбайұлы.
Айта кетейік, тұрғындар өз таңдауын кешкі сағат 20:00-ге дейін жасай алады.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі