Гродековода спорт кешені салынуда

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керектігін жеткізшені белгілі. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек»,  – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында. Сондай-ақ Президент өз сөзінде 2020 жылы волонтерлер жылы болатынын еске салды.

«Маңызды міндеттердің бірі – жастар мен студенттерді ерікті жұмысқа тарту, оларға белсенді өмірлік позицияларды сіңіру. Бұл – азаматтық қоғамдық бекемдеуде жұмысымыздың маңызды бөлігі», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды спортқа баулу мақсатында мемлекетіміз кешенді жобаларды қолға алуда. Ауданымызда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде десек, сөзімізге Айшабибі, Қаракемер, Өрнек, Гродекова және Сұлутөр ауылдарында салынып жатқан заманауи үлгідегі спорт кешендері дәлел бола алады.

Ауданымыздың өзінде алдағы уақытта 4 кешеннің құрылысын жүргізілуде. Соның бірі — Гродекова ауылында.Ауылдық округтің әкімі Болат Қожабековтың айтуынша спорт кешенінің орны болып, орталық Ақжол көшесі  таңдалған.

– Гродеково орта мектебінің жанынан «Жаңа-кемер құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі спорттық сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс екі жылға жоспарланған, жобалық-сметалық құны – 308 млн 475 мың теңге. Бүгінде табантасы төселіп, іргесі қаланып бітті. Енді қабырғалары көтерілуде. Құрылыс сапасы мен аяқталуы мерзімі бақылауымызда. Спорт кешенін ауылдықтар көптен бері көтеріп келген еді. Бүгінде олардың талап-тілегі ескерілді. Ауыл жастары бос уақытын қайда өткізерін білмей әбігерге түскенін жақсы білеміз. Елді мекенде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін бірқатар игіліктер жүзегге асырылып келеді. Көптен бері жол жабындысын көрмеген көшелеріміз асфальттанып, ауылдық аты өзгеріп, жылдан жылға ауыл көркіде жаңарып келеді. Бұл мемлекеттің ауыл жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жоспарлардың жемісі. Әлі ауылда тиянағын табатын жұмыстар жетерлік. Ауыл тұрғындары да елді мекендегі оң өзгерістерді көріп, лайықты бағасын беріп жатыр. Бұл өз кезегінде тізгін алған біздей азаматтарға қажыр-қайрат, сенімділік білдіретіні сөзсіз, – дейді Болат Сатыбалдыұлы бізбен әңгімесінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.