«Әділет» партиясының жастар қанаты Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық road-эстафетасын қорытындылады

«Әділет» партиясының жастар қанаты Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық road-эстафетасын қорытындылады. 13-16 қазан аралығында белсенділер Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарын жүріп өтіп, шамамен 1 800 шақырым аумақты тазалады. Төрт күнде 150 тоннадан астам қоқыс жинады.
Бұл эстафета Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – аумақтарды қоқыстан тазартумен қатар, табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Шығыс Қазақстан облысында эстафетаға қосылған Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр осындай игі істің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және тарихи ескерткіштерді сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
https://adilet-partiyasy.kz/kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.