70 жыл күткен көше жаңарды

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.

Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек» деп, жол жөндеу жұмыстарына басымдық беру керектігін тапсырған болатын. Бүгінде Жамбыл ауданын да Жолдау жүктеген міндеттер жүзеге асыру, орындалуын бақылауға алу жұмыстары жүйелі жолға қойылып, сәтімен жүзеге асырылуда. Мысалға, Шоқай акуылындағы игілікті істі, ауыл азаматтары тарихи сәтпен байланыстырады. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығынан бөлек, Шоқай ауылы ауыл болып аталғалы яғни, 70 жылдан бері Дербісәлі Байғазиев көшесіне арналып, түйір тас я болмаса жол жабындысы төселмеген. Жаңбырлы күні лай, аптақ ыстықта шаңы көтерілген Ұлы Отан соғысы ардагері көшесінің мұндай сұрықсый күйі шоқайлықтардың жанына батқалы қашан…

Әйтсе, де бұл көріністер бүгіннен бастап өткеннің еншісінде, сыр сандықта қалды.  Жылдың қорытындысы бойынша тұрғындармен алғашқы кездесулерін өткізуге кіріскен аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының назарына Шоқой ауылының тұрғыны Сембек Пірімқұлов бауын тапса, байламын таппай жүрген жол мәселесін көтеріп: «Таудың басына қар мен мұз үйлесе де, таудың биікті аласармайды. Елдің ертеңі үшін жанын садақа еткен оғланымыз – Дербісәлі Байғазиевтің есімімен аталатын көшенің жайы жақсы емес. Асфальт төселуіне ықпал етуіңіз қажет», деген сауалын жолдаған болатын. Ауылдың сыйлы  азаматының талабы орынды екенін айтқан аудан басшысы үстіміздегі жылдың ішінде жолды толықтай жаңартуға өз уәдесін берген болатын. Енді сөзден – іске келер болсақ, Сөзден-іске келер болсақ, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваның айтуынша, ұзындығы 1 шақырымнан асатын көшеге «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 18 млн теңгеге жол жабындысын төседі. Жол жабындысының талаптарға сай жасалуын ауыл тұрғындарымен бірге бақылауда ұстадық. Ослайша, ауылдықтар көтерген мәселе өз шешімін тапты. Тұрғындар алғыстарын жеткізуде, – дейді Нұрсұлу Лутфуллақызы бізбен әңгімесінде. Бүгінде аталған көшенің сәні кірген. Көше балалары велосипед теуіп, асыр-салып ойнап жүр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.