Мемлекет басышысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.
Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек» деп, жол жөндеу жұмыстарына басымдық беру керектігін тапсырған болатын. Бүгінде Жамбыл ауданын да Жолдау жүктеген міндеттер жүзеге асыру, орындалуын бақылауға алу жұмыстары жүйелі жолға қойылып, сәтімен жүзеге асырылуда. Мысалға, Бәйтерек ауылындағы көшенің жөндеуден өтуін ауылдықтар 80 жыл күткен еді. Бәйтерек ауылы елді мекен болып аталғалы Сүйінбай көшесіне мүлде асфальт төселмеген болатын. Күз, қыс айында батпаққа, жаз айында шаңы көтерілетін көшедегі бұл көрініс бүгіннен бастап өткеннің еншісінде болмақ. Бұл жұмыстар жыл басында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының Қаратөбе ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен өткізген есептік кездесуінде айтылған болатын. «Сөзден-іске» келер болсақ, Бәйтерек ауылындағы Сүйінбай көшесіне аудандық бюджеттен 26 млн теңге қаралып, ұзындығы 1595 метрді құрайтын көшеге, «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі асфальт төсеу жұмыстарын жүргізуде.
Ауылдағы игілікке өнер майталманы, ауыл тумасы Берік Қалиев өз бағасын берді.
— Тұрғындардың өтініші ол бүткүл ауылдың аманаты екені белгілі. Міне, бүгінде сөз бен істің үйлесім табуының шынайы көрінісіне куә болып отырмыз. Бала болып өмірге келгелі асфальт көрмеген Сүйінбай көшесі тақтайдай тегістеліп жатыр. Ауыл тұрғындары дән риза. Олар Ел Президентінің «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзінде орындалып жатқанына ризашылығын айтады. Ауылдықтардың талап-тілегін ескерген аудан басшысына алғысымызды білдіреміз. Жұмыстың талапқа сай жасалуын қадағалап жүрген ауыл әкімі Ғамзат Мейрамбекұлына да ризашылығымыз шексіз. Әрине ауданымызда қанша ма ауыл бар. Ол елді мекендердің асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылмағаны қаншама. Бір түсінгеніміз жұмыстар өзінің жоспарына сәйкес жасалады екен. Біздің де кезек күліп, ауылымыз жаңарып келе жатқанына қуаныштымыз. Ләйім еліміздің барлық елді мекендері инфрақұрылым желілерінің қызығын көре берсін, Ел ағаларының жұмысына сәттілік тілеймін — дейді ол жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.