Кәсіпкерлікті дамыту көп мәселенің түйінін шешеді

Елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ұдайы өсіре отырып, әлемдік бәсекеде озық елдердің қатарында болу мақсатын алға қойып бүгіннен бастау алған өскелең заман талабымен дүйім ел боп өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік тараптардағы белсенділікке, ілгерілеуге талпынып, талаптанып жатқан жайымыз бар. Бұл тараптарға көптеген  аудан тұрғындарының бет бұрып жатқандары баршылық. Осы орайда, салада атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталып өтсек,

2022 жылдың 9 айының қорытындысымен ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен 18 113,8 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,7 пайызды құрады. Нақты көлем индексі 105,2 пайызды құрады.

Ауданға инвестиция тарту ісі де назардан түскен емес. Аталған шаралар аясында осы жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 21 106,8 миллиард теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,3 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 96,0 пайызды құрады.

Кәсіпкерлік нысандарының басым бөлігі сауда-саттықпен айналысатыны белгілі. Бұл тұрғыдан келгенде, аудандағы жылдың басынан бері тіркелген бөлшек сауда көлемі 8 858,2 миллиард теңгеге немесе 143,5 пайызға, ал көтерме сауда көлемі 33 889,8 миллиард теңгеге немесе 219,8 пайызға орындалды.

Аудан экономикасын дамытудың тікелей жолдарының бірі – инвестициялық жобаларды қолға алу екені тәжірибе көрсеткен іс. Өйткені, мұндай жобалар аясында аймаққа қосымша қаражат көздері тартылып, жергілікті тұрғындар үшін уақытша да, тұрақты да жұмыс орындары ашыларды. Аталмыш жағдайды ескере отырып, аудан бойынша 2022-2025 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың пулы қалыптастырылған. Қазіргі таңға құны 23,7 миллиард теңгеге 6 жоба белгіленген.

2022 жылы аудан аумағында жалпы құны 4,5 миллиард теңгеге 4 жоба іске асырылуда. Олар:

«Ерсад 2021» ЖШС тігінді емес мед материалдарды шығаратын цех құрылысы жобасы – 1,7 миллиард теңге;

«Аса агро» ЖШС құс фабрикасы құрылысы жобасы — 250,0 млн теңге;

«АТБ»ЖШС  мал бордақылау және сүт өнімдерін шығаратын цех құрылысы жобасы-  800,0 млн теңге;

«Фортис Констракшн»  ЖШС демалыс орнының құрылысы жобасы -550,0 млн теңге;

«АЕС АСА» ЖШС «Айша» күн сәулелі электр станциясы мен «Мақтаарал» жол бойындағы қызметкөрсету нысаны пайдалануға берілді. Жоба құндары 20,0 миллиард және 200 млн теңге тиісінше.

Leave A Reply

Your email address will not be published.