Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Турнирдің ашылуында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев жарысты ұйымдастырушыларға, игі шараның басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Аңғарғанымыздай, ардагерлердің бильярд ойынына деген құлшынысы жоғары. Жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Бір сөзбен айтқанда, бұл жарыс тартысқа толы болды. Кейбір кездесулер бірнеше партияға созылды. Нәтижесінде, Сәрсен Күзербаев бірінші орынды, Есенбек Қалдыбеков екінші орынды, Тілеухан Маршев үшінші орынды иеленді.
Ал, шахматтан өткен жарыста Сарсенғали Жұбатқановқа бірінші орын, Қозыбақ Ақмырзаевқа екінші орын, Данияр Патаевқа үшінші орын бұйырды. Өзіндік ойын өрнегімен көзге түскен Жәнібек Жолдаев «Үздік ойыншы» атанды.
Соңынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды.
Ильяс Қалыбеков