Жамбыл ауданында кәсіпкерліктің кез келген түрін қолдауға үлкен мән берілген. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған осы қолдаудың арқасында тұрғындар ата кәсібі болған ауыл шаруашылығымен айналысып, табысын табуға мүмкіндік алып келеді. Нәтижесінде, бірі мал асырап, еті мен сүтін сатса, екіншілері егіншілікке бет бұрған. Берекесін жерге төккен терімен тапқан жамбылдықтардың бірқатары «дала аруы» атанған жүгері дақылын егуді қолға алған.
Астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі – жүгері. Биыл ауданымызда 1860 гектарға астық тұқымдасы егіліп, шаруалар техника мен саймандарын сайлап, ору жұмыстарына әзірленуде. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Лаурат Амановтың айтуынша, өңірімізде биыл жүгерінің 7 сұрпы орналастырылған.
– Ылғалдылығы төмен жоғары өнімге қол жеткізу үшін басты шарттың бірі – ол тұқымды қолайлы уақытта себу. Шаруалар жүгері дақылын сәуір айының басында ерте егіп бастаған. Ылғалдылық туралы тағы бір айтатыны – қисынды әдістеме қолдану қажет, яғни бір топта пісетін кез келген селекциялар будандарын салыстыру керек. Сонда қай будандардың ылғалды сақтайтыны немесе жіберетіні анық болады. Ылғалдылығы төмен жүгері дәнін алу үшін ұсынылған егістік жиілігін сақтап, көп мөлшерде азот тыңайтқыштарын қолданбау, сапалы жүгері дәнінің қалыптасуы үшін фосфор және калий тыңайтқыштарын салу маңызды. Бүгінде аудан алқабына долар, тұлпар, пионер, симаями, марко-419, гидро, нкатермо сұрпы егілді. Жоспарымыз бойынша әр гектардан 5-6 тоннадан өнім аламыз. Аталмыш технологияны сақтаған жағдайда жоғары қоректілік құндылығы бар сапалы дән алуға болады, – дейді Лаурат Темірғалиұлы.
Расымен биыл астық дақылы егілген егістік алқабы ерекше жайнап тұрды. Мәселен, Өрнек ауылдық округіне қарасты 10 гектар алқапқа «Аян» шаруа қожалығының басшысы Самат Құрмантаев жүгері орналастырған. Бұл туралы сөз қозғаған ауылдық округтің әкімі:
– Жер-анаға терін тегіп, күндіз-түні өнімге көзінің қарашығындай қараған шаруашылық басшысының жұмысы халықтың көз алдында. Бұдан бөлек 6 гектар арпасы мен 2 гектар қарбыз алқабынан мол өнім алды. Жұмысы тиянақты азамат кез келген межені бағындыра алады. Клер жылы да бұдан кем жұмыс жасамай, алынған өнім көлемін ұлғайта түсеміз деген ой бар, – дейді.
Сондай-ақ «Іске сәт» ауылшаруашылығы өндірісітік коперативі алып жүгерілердің сұрпын 40 гектарға орналастырып, әр гектардан 7-8 тоннадан өнім алды.
Prev Post
Next Post