Кәсіпкер сәбіз-картоп үлестірді

Еліміздің кемел келешегі мен баянды болашағы жолында  жасалып жатқан шаралар аз емес. Мемлекеттің қарыштап дамуына өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласының қосар үлесі зор екендігін көпшілік жақсы біледі. Сондықтан бұл салаларды жандандыру жолында көптеген жүйелі жоспарлар жасалып, мақсаттары нақтыланады. Соңғы кездері елімізде кәсіпкерлік саласының да қарқынды дамып келе жатқаны байқалады. Шағын және орта бизнестің  бір қалыпқа түсіп, көптеген жұмыс орындарының ашылуы, еліміздегі жұмыссыздар санының азаюына өзіндік үлесін қосуда.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында осы саланың әрі қарай дамуына кеңінен тоқталған. Олар өзгелерге жасаған игілігіне азаматтық тұрғыдан айналасына жанашырлықпен қарайды. Көмекке мұқтаждарды демеуді өздеріне міндет санайды. Сөзбен емес, қайырымды ісімен өзгелерді жақсылыққа, қайырымдылыққа үндейді.Біздің өңір жомарт та қайырымды азаматтарға кенде емес.
Соның бірі – Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, жергілікті меценат, «Тимофеев» шаруа қожалығының төрағасы Андрей Тимофеев. Жастайынан қиыншылық көріп өскен Андрей Николаевич еңбектің қадірін жақсы біледі. Ұзақ жылдар бойы шаруашылықпен айналысып келеді. Нәсібін жерден айырған іскер азамат жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның ел-жұртына тигізіп отырған пайдасы орасан зор. Ауылдастарына әркез қолдау білдіруді әдетке айналдырған. Жай ғана мысал, жаңа жыл мерекесі қарсаңында Андрей Николаевич өзі тұратын Гродекова ауылындағы балаларға тосынсый жасады. Яғни 120 балаға сыйқалталар сыйлап, ерекше күтімді қажет ететін 3 оқушыға мерекелік тарту жасады. Сонымен бірге мұқтаж жандарға әркез ет, пияз, сәбіз, бидай үлестіріп келеді. Осылайша көптің алғысына бөленген меценатқа ауылдастарының ризашылығы шексіз.
«Кәсіпке бет бұрғандарды қолтықтан демеу Мемлекет басшысының назарынан ешқашан түскен емес. Ал бұл — кәсібін енді бастаған жас кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау.  Осы арқылы ел ырыздығының еселей түсуіне жол ашылады. Мен мемлекеттің әрі қарай дамуына шағын жəне орта бизнестің де маңызы зор деп білемін.  Мен мемлекеттің әрі қарай дамуына шағын жəне орта бизнестің де маңызы зор деп білемін. Сондықтан Жолдаудағы кəсіпкерлерге айтылған тапсырмаларды орындау жолында жеке кəсіпкер ретінде ғана емес, аудандық мəслихат депутаты ретінде де атсалысатын боламын» – дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.